Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Шығыс Қазақстан облысы

“Қамқорлық” акциясы

“Қамқорлық” акциясы

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды."Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акциясы К.Төгісов атындағы орта мектепте 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында өтті. 

Акцияға мектеп  мұғалімдері мен оқушылар және ауыл тұрғындары  біркісідей атсалысты. Мектеп ішінде жәрмеңке өткізіліп, қабырға газеті, "Мейірімділік шуағы" атты жәшік қойылды. Мәдениет үйінде мектеп мұғалімдері мен оқушылары  қайырымдылық концерт қойып, келгендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады."Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без" дегендей, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. "Қамқорлық" акциясына атсалысып,  көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. 

Айым Сайлаубекқызы, 
тәлімгер.
Қабанбай ауылы.

 

басқа жаңалықтар