Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Шығыс Қазақстан облысы

АРНА - жоба жеңімпазы!

АРНА - жоба жеңімпазы!

Қаңтар айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аталған басқарма төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің "Ұлы дала төсіндегі ислам" кітабы негізінде "Рухани орындарға сапар" атты шығармашылық байқау жариялаған болатын. Аталмыш байқау жарияланғаннан бастап шығыс өңірінің 9-10-сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынаған.

Осынау кемелді жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат - еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақтың таным көкжиектерін кеңейе түсуге ықпал ету болғанды.  Сол себепті, шығармашылық байқауға қатысушылар аталған кітаптың ішіндегі бір тақырып бойынша эссе жазуы керек болған. ШҚО "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,  байқауға  қатысушылардың тарапынан түскен шығармалар саны көп болғандай. Солардың ішінен жолданған әрбір эссенің мағынасы мен мәніне қарап белгілі тарихшылар мен журналистер тексеріп, мұқият сарапқа салып, таразылап барып, үздіктерін анықтаған екен.  
Сол жеңімпаздардың ішінде біздің жерлесіміз, №2 Ақсуат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Арна Талғатқызы болды. Бұл-біздің аудан үшін қуанышты жаңалық. Арнадан өзге Өскемендегі №47 орта мектептің оқушысы Шұғыла Армиянова, осындағы Абай атындағы №33 орта мектептің оқушысы Айман Аманкелді, Күршім ауданы, Марқакөл ауылындағы №5 мектептің оқушысы Ақжан Тұсаев, Күршімдегі Н.Островский атындағы №4 орта мектеп оқушысы Бекарыс Ермекбай, Глубокое ауданы, Белусовка ауылындағы №1 орта мектептің оқушылары Ақерке Бейсенбекова, Еркежан Оралғазиналар өзгелерден оза шауып, топ жарып, жеңімпаз атанған.
 Жүлдегерлерді облыс орталығындағы "Халифа Алтай" мешітінде жеңістерімен марапаттап, "Жастар жылының" аясында Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқант, Бұқара бағытындағы рухани сапарға аттандырған. Жеңімпаздарды Күршім ауданы, Марқакөл мектебінің ұстазы Назерке Тілеубаева бастап  рухани сапарға барып қайтты.  Көктемдегі  демалыстарының 1 аптасында рухани демалып келген жеңімпаздар еліміздің көрікті, киелі жерлерін аралады. Олардың сапарларына кететін барлық шығындарына өкілдік тарапынан демеушілік көрсетілген екен. Біз де аудан тұрғындарының атынан қанша баланың ортасынан топ жарған Арнамызға сәттілік тілейміз! 

Д.ҚЫДЫРБЕКОВА.

басқа жаңалықтар