Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Шығыс Қазақстан облысы

Нәзік жандар бас қосты

Нәзік жандар бас қосты

Шұғылалы көктемнің  көрікті мерекесі халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық кітапханада "Ақылына көркі сай қазақ арулары" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдегі алғашқы құттықтауды кітапхана қызметкері Мәншүк Ризабекова мен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жұмаш Махановалар алып,  көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Кітапханашылар Мейрамгүл Нұрсапина мен Гүлжан Құрманғожина жүргізген  дөңгелек үстелге әр салада қызмет етіп жүрген нәзік жандылар шақырылып, қазақтың салт - дәстүрлері, қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі жайлы жақсы әңгіме өрбіді. Айталық, "Әйел адамның әлеуметтік қорғалуы, олардың өмір сүру деңгейін арттыру","Қазіргі уақытта жастардың қоғамда алатын орны қандай?", "Біз сабырлы болып жүрміз бе?","Құдайы қонаққа қалай қарайсыз?", "Адамдарға сәлемдесу, ілтипат көрсетуді  жастарымыздың бойынан көре алып жүрміз бе?" деген сияқты көтерілген  тақырыптарға жиналғандар белсенділік танытып, өз ойларын айтып, пікір бөлісіп отырды. 
Сонымен қатар, аналар мерекесімен құттықтау үшін Ақсуаттағы екі мектептің оқушылары келіп өз құттықтауларын жолдаса, №2 Ақсуат орта мектебінің  оқушылары өздерінің ойларынан шыққан киім топтамаларының  сәндік үлгілерін көрсетті.
Соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға  алғыстарын жаудырса, кітапханашылар нәзік жандыларға мерекелік сый-сияпат көрсетті.
 

Д.ҚЫДЫРБЕКОВА.
 

басқа жаңалықтар