Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Шығыс Қазақстан облысы

Тарихи ұлық шешім

Тарихи ұлық шешім

Өткен аптада аудан орталығындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы стадионда Астана қаласының Тұңғыш Президент-Елбасымыздың   құрметіне Нұр-Сұлтан  болып  өзгеруіне орай қолдау шарасы өткізілді.

Шарада аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев көпшілікті құттықтай келе "Бұл еліміздегі тарихи ұлық шешім деп ойлаймыз. Өйткені, Елбасымыз-еліміздің өркендеуінде аянбай еңбек еткен тұлға. Талай сын сағаттарында елін аман алып шыққан қайраткер деп білеміз. Сондықтан да,  Астанамыздың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне еліміз қолдау білдіріп жатыр. Сондай-ақ, біздің аудан жұртшылығы да бұған біркісідей қолдау білдіреді деген сенімдемін",- деді. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев, "Нұр-Ақсуат" базарының басшысы Манат қажы Әлімжанова, жастар атынан Роллан Кеңесхан өз құттықтауларын жеткізсе, ақын Дулат Шідер арнауын оқыды.
Жиналғандарға А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің  жас өнерпаздары мен "Тарбағатай балалары" хор ұжымы өз өнерлерін паш етсе, Ақсуат мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Д.ҚЫДЫРБЕКОВА.

басқа жаңалықтар